Жамбыл облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полициядағылардың хабарлауынша, 21 сәуірде шамамен сағат 07.40-та "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының 205-шақырымында, Жамбыл облысы Қордай ауданы Соған ауылының маңында Mersedec Sprinter маркалы шағын автобусы аударылып қалды.
"Шағын автобустың салонында 17 жолаушы мен жүргізуші болған. Жол апатының салдарынан 2 адам қаза тапты, қалғандары ауруханаға жеткізілді", - деді ІІД мамандары.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.