Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегін 4 желтоқсанда өткізеді. Ол анголалық Манел Капемен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы алдағы жекпе-жегі туралы Instagram-парақшасында жариялады. Бұл - Жұмағұловтың UFC-мен жаңа келісімшарты бойынша бірінші жекпе-жегі.
Жекпе-жек Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 199 турнирінде өтеді. Жапондық Rizin Fighting Federation федерациясының экс-чемпионы, анголалық боксшы Манел Капе қазақстандыққа қарсылас болады.
Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін шілдеде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 264 турнирінде өткізіп, америкалық Джером Ривераны қылғындыру әдісімен жеңді. UFC-мен жаңа келісім бойынша төрт жекпе-жек өтуі керек.
1455 рет оқылды