20 нау, 2020 сағат 16:32

Жалға берушілер жалдау құнын естептеуді тоқтата тұрулары қажет – ҰКП

Ірі жалға берушілер жалдау төлемін естептеуді тоқтата тұрулары қажет. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта бизнес тап болып отырған барлық проблемаларды барынша жедел әрі нақты қадағалауға тырысып жатырмыз. Бүгінде 6 мыңнан астам кәсіпкер бүгінді, колл-орталық жұмыс істеп тұр. Онлайн-сауалнама іске қостық. Бізге жүгінген кәсіпкерлердің жартысы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан. Себебі негізгі бизнес дәл осы қалаларға шоғырланған. Жүгінушілердің 85 пайызын микро және шағын бизнес өкілдері құрайды. Мәселен, қызмет көрсету саласы, туристік операторлар. Фирмалар да қиындықты бастан кешіруде. Оларды да проблемасы жеткілікті болғанымен біртіндеп шешіп жатырмыз», - деді ол онлайн брифинг барысында. 

Оның атап өтуінше, жүгінген кәсіпкерлердің 55 пайызы төлем міндеттемелеріне, оның ішінде үй-жайды жалдау мәселесіне қатысты түйткілдерді көтерген. 

«Дүйсенбіден бастап біздің өңірлік палаталардың базасында әкімдіктермен бірге жалға алушы мен жалға берушілер арасындағы қарым-қатынасты реттеу үшін штаб құрамыз. Бұл кәсіпкерлік қызметтің екі бөлек субъектісі екендігін түсінеміз. Дегенмен, жалға алушыларды қиын жағдайдан шығуға көмектесуге тырысамыз. Барлық сауда ойын-сауық орталықтарындағы, бизнес орталықтардағы ірі жалға берушілерді індет, карантин кезінде жалдау төлемін естептеуді тоқтата тұруға шақырамыз. Жалға берушілердің салық пен несиемен байланысты міндеттемелері бар екендігін де түсінеміз. Қазіргі уақытта банктер өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептеуін, төтенше жағдай кезінде несие міндеттемесі бойынша төлемдерді тоқтатады», - деді Олжас Ордабаев.