Фото: olympic.kz
Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің бапкері Ром Ильматов 93 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
"Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ел спорттың жарқын жұлдызы, КСРО енбегі сінірген жаттықтырушы, грек-рим күресінен Олимпиада Ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ильматов Ром Хасанович өмірден мезгілсі озуына байланысты көңіл айтамыз.
Ром Хасанович жоғары дәрежедегі ұлағатты ұстаз әрі адамгершілік қасиеттері мол жаны жайсаң, болмысы бөлек адам еді.
Онын асыл мінезі мен жетістектері баршамыздың жадымызда мәңгі сақталады..." -деп жазылған Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарламасында.
Фото: olympic.kz
Ром Ильматов 1936 жылы бұрынғы Семей облысы Бородулиха ауданындағы Ауыл станциясында дүниеге келген, 14 жасынан бастап грек-рим күресімен айналысқан. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітіріп, 1957 жылдан бастап Педагогикалық университетте сабақ беріп, жаттықтырушылық қызметпен айналысуды бастаған.
Ол грек-рим күресінен 1980 жылғы Олимпиада чемпионы және 1981 жылғы әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жаттықтырушысы.