ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Ақпараттық саясат жөніндегі кеңес отырысында аймақтық БАҚ құралдарының жұмысын жаңа деңгейге көтеруді тапсырды.
Аймақ басшысының орынбасары Жақсылық Омардың айтуынша, жергілікті газет және телеарналардың қоғаммен байланысы нығая түсуі қажет. Аталған тапсырмаларды іске асыру мақсатында БАҚ басшыларынан түскен ұсыныстарды қарастырып, облыстық әкімшілік атынан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
– Ақпараттық заман күн санап дамып келе жатыр. Сондықтан жергілікті әрбір газет, телеарна, сайттың жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, жаңашылдық еңгізу қажет. Қажет болса өзге қалалардан мамандар шақыртып, тәжірибе алмасу семинарларын өткізіңіздер. Біз өз кезегімізде сол мамандарға жағдай жасап, қолдауға әзірміз, – деді Жақсылық Омар.