Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа видеолар жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Әнші әйелі Жадыра Сейдешпен фотосессия жасаған сәттерін әлеуметтік желілерге жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
«Творчествалық процесс сан-саланы қамтиды. Халық перзенті болғаннан кейін тың туындылар тудыру, талмай еңбек ету – ел-жұрт алдындағы перзенттік парызым. «Сұңқар» фотостудиясының қыз жігіттері маған сый-құрмет көрсетіп, әр түрлі киім үлгілерін ұсынып, керемет фотосессия жасады. Ұжым жетекшісі Мұрат бауырыма, ұлттық костюмдерін ұсынған Бақыт қарындасыма, фотогроф қызым Айданаға «жүз жасаңдар, айналайындар» деген ақ жарма бата-тілегімді бердім, ақ маңдайларынан сүйдім», – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов инстаграм парақшасында.
Бүгінде 88 жасқа келген әнші мен журналистің жас айырмашылығы - 45 жас.
