07 қар, 2025 сағат 15:32

Зейнетақы жинақтарына сатып алынған баспананы сатуға шектеу қойылмайды

Фото: Centr-sdel.ru

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын бұрынғыдай тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады, деп хабарлайды Ult.kz.

«Отбасы банк» мәліметінше, зейнетақы төлемдерімен алынған пәтерлердің кейбірі қысқа уақыт ішінде бірнеше рет қайта сатылған. Әр сатып алушы тұрғын үйді алу үшін өзінің зейнетақы жинағын пайдаланған. Бұл жағдай нарықтағы баға мен қаражаттың мақсатсыз жұмсалу қаупін арттырған.

Осыған байланысты банк зейнетақы қаражатына алынған баспананы тек бес жылдан кейін сату жөнінде шектеу енгізуді ұсынған. Алайда бұл ұсыныс қолдау таппады.

Себебі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай мүлік шектеу қойылатын санатқа кірмейді, сондықтан азаматтар өз баспанасын қалаған уақытта сата алады.

Бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдаланып сатып алынған баспананы сатуға шектеу қойылуы мүмкін деген хабарлама тараған.