25 шіл, 2024 сағат 12:22

Зейнетақы жинағы есебінен тіс емдеуді тоқтату жоспарланды


Фото: 24.kz


Зейнетақы жинақтары есебінен стоматологиялық қызмет көрсетуді уақытша тоқтату жоспарланып отыр, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Денсаулық сақтау министрлігі Бұйрық жобасын әзірледі. Уәкілетті оператордың мәліметіне сай, қызметтік тексерулер барысында жалған құжаттарды пайдалану және нақты медициналық қызметтерді көрсетпеу фактілері анықталған. 


Осыған байланысты протездеу және тістерді импланттау бойынша қымбат тұратын стоматологиялық қызметтерге қаражатты пайдалануды 6 айға дейін тоқтата тұру көзделген. 


Бұйрықтың жобасы талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілер порталына орналастырылды.