Қазақстандық Зарина Дияс жұптық сында Уимблдон турнирін өте сәтті бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Зарина Дияс аустралиялық Арина Родионовамен бірге бірінші кездесуін осы доданың 2-ракеткалары, мажарстандық Тимея Бабош – франциялық Кристина Младеновичпен өткізді.
2018 жылдан бері Бабош пен Младенович жұптық сында «Үлкен дулыға» жарысының төрт дүркін чемпионы атанған болатын.
Қазақстандық-аустралиялық жұп атақты қарсыластарын 6:1, 6:2 есебімен ойсырата ұтты.
Бір сағат 13 минутқа созылған матчта Дияс пен Родионова бір эйс жасап, бес брейкке қол жеткізді.
Дияс пен Родионова екінші айналымда ресейлік Варвара Грачева – грузиялық Оксана Калашникова немесе ұлыбританиялықтар Нэйкта Бэйнс – Саманта Маррей жұптарының қай жеңгенімен шеберлік байқасады.