Қазақстандық теннисшілердің бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіндегі орындары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-тен 34-орынға көтерілді.
Осылайша Бублик дүниежүзілік рейтингідегі өзінің үздік нәтижесін қайталап отыр.
Тимофей Скатов 269-дан 266-ға жоғарылады. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып табылады.
Керісінше Михаил Кукушкин 147-ден 159-ға сырғыды.
Дмитрий Попко 161-ден 162-ге ауысты.
Бейбіт Жукаев 760-тан 746-орынға жайғасты.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ден 19-ға сырғыды.
Юлия Путинцева 44-орнында қалса, Зарина Дияс 104-тен 100-сатыға көтерілді. Сөйтіп Зарина үздік жүздікке қайта оралды.