Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина Паралимпиаданың финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"
70 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол финалда әзербайжандық Дурсадаф Каримоваға есе жіберді.
Бұл бәсекеде қарсылас балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық дзюдошы Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұл Қазақстанның Токио Паралимпиадасындағы төртінші медалі - бұған дейін Давид Дегтярев пауэрлифтингте "алтын" алған, ал дзюдошылар Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет күміс медальді місе тұтты.
Тағы бір қазақстандық Жанбота Аманжол 90 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде франциялық Гелиос Лачуманаядан иппонмен ұтылып қалды.