08 сәу, 2024 сағат 10:40

Зардап шеккендерге барлық залал өтеледі – Роман Скляр

Фото: zakon.kz


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна ауылының тұрғындарымен кездесті, онда 8 үй су астында қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірінші вице-премьер зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.


Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Есіл ауданында Николаевка, Бірлік ауылдарында және Шал ақын ауданында Қаратал ауылында су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупі туындағанын хабарлаған болатын.


ТЖД және ЖАО күштері арқылы105-ке жуық адам, оның ішінде 37 бала алдын ала эвакуацияланып, туыстары мен эвакопунктте орналастырылды, ал 57 мал қауіпсіз жерге айдалды.