Фото: ашық дереккөз
Референдумда оң нәтиже қабылданған жағдайда атом электр станциясының құрылысын халықаралық мердігерлер консорциумы жүзеге асыратын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұндай ұсынысы барлық мәселеде өзін "сарапшы" санайтын көрші елдің кейбір саясаттанушыларына ұнамағаны белгілі, деп хабарлайды Ult.kz.
Жалпы консорциум дегеніміз не?
Консорциум дегеніміз - атом электр станциясының құрылысы бір компанияға немесе бір мемлекетке тәуелді болмайды дегенді білдіреді. Яғни жобаға әртүрлі елдің мердігерлері қатысады, олардың әрқайсысы өзінің бірегей технологиясы мен тәжірибесін пайдаланады.
Қазір Қазақстанда АЭС салу бойынша тізімге 4 компания кіргені белгілі. Олар:
- ▪️ CNNC (Қытай);
▪️ KHNP (Оңтүстік Корея);
▪️ Росатом (Ресей);
▪️ EDF (Франция).
Конс️консорциумның артықшылықтары:
Біріншіден, технологиялық тәуелсіздік. Жобаны бірнеше ел жүргізген кезде технология мен қызметті бір жеткізушіге тәуелді ету қаупі азаяды. Егер бүкіл атом электр станциясы бір елге тәуелді болса, онда техникалық қолдау мен пайдалану мәселелері геосаяси факторлармен күрделене түсуі мүмкін. Консорциум Қазақстанның жалғыз жеткізушіге байланбай, жүйенің элементтерін таңдап, ауыстыра алатынын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, халықаралық қауіпсіздік стандарттары қатаң сақталады. АЭС құрылысының өзі МАГАТЭ тарапынан мұқият қадағалаудан өтеді. Алайда, құрылысқа бірнеше компания қатысқан кезде бақылау одан да қатал болады. Бұл тәсіл технологиялық қателіктердің немесе төтенше жағдайлардың ықтималдығын азайтады.
Үшіншіден, озық технологияларды қолдануға мүмкіндік болады. Қазақстан консорциумға қатысушы әрбір елдің әлемдік технологиясының ішінен ең жақсысын таңдай отырып, жобаға өзінің мықты жақтары мен құзыреттерін енгізеді. Нәтижесінде, бір технологияның орнына ел бірнеше көзден инновациялық әрі дәлелденген шешімдер алады.
Төртіншіден, геосаяси өзгерістерге төзімділік қамтамасыз етіледі. Қазіргі әлемде бір жеткізушіге тәуелділік осалдыққа айналуы мүмкін, әсіресе әлемдік геосаясаттағы дағдарыстар жағдайында. Консорциум Қазақстанның сыртқы саяси факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, тіпті жаһандық өзгерістер жағдайында да жобаны сәтті аяқтап, пайдалануға берілетініне кепілдік береді.
Референдумда оң шешім қабылданған жағдайда бұл тамаша шешім, өйткені көбі АЭС-ті, бірақ белгілі бір сатушыға немесе елге тәуелділікке қарсы. Құрылған консорциум геосаяси тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл жерде Өзбекстанмен салыстыру да орынды емес. Себебі Қазақстан Өзбеңстанда сияқты құрлықта алғаш рет (Ресей Федерациясында тек мұзжарғыштарда) қолданылатын эксперименттік шағын реакторларды қарастырып жатқан жоқ.
"Сондықтан ортанқол сарапшылар өз пікірін өздеріне қалдыруы керек. Қазақстанда АЭС салу бойынша қолданылатын технологиялар мен тәсілдер бойынша шешімді біз өз қажеттіліктеріміз бен мүдделерімізді ескере отырып, тәуелсіз мемлекет ретінде дербес қабылдайтын боламыз", - дейді Energy Monitor сарапшылары.