06 ақп, 2022 сағат 20:09

Олимпиада-2022: Юлия Галышева жүлдесіз қалды


Бейжің Олимпиадасында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы екінші финал аяқталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған сынға Қазақстан командасының үздігі Юлия Галышева да қатысқан. Өкінішке қарай, ол жарыс жолында қате жіберіп, қорытынды есепте негізгі финалдан тыс қалды. 

Ол 49,74 ұпаймен биылғы Олимпиада ойындарында 11-ші орын алды.  

Айта кетелік, бүгін әлем үздіктерінің бірқатары жарыс жолында құлап қалды. 2014 жылғы Олимпиада чемпионы, 2018 жылғы Пхенчхан ойындарының күміс жүлдегері Жюстин Дюфур-Лапуант та Бейжің додасын жүлдесіз аяқтады. 

Еске салайық, 2018 жылғы қысқы ойындарда Юлия Галышева қола жүлдегер атанған болатын.