Ыстанбұлда 8 қабатты үй құлап, кемі 1 адам мерт болды, деп хабарлайды ТАСС NTV телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна таратқан мәліметтер бойынша, осы кезде 4 адамды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Телеарна сонымен қатар жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып 20-дан астам адамның құлаған үйінділер астында қалуы мүмкін екенін жеткізді.
«Үйдің төменгі қабатында 20-25 адам жұмыс істейтін шеберхана болған. Жарылыс болған жоқ, үй өзінен-өзі құлай бастады», - деп келтіреді NTV аудан белсендісінің сөзін.
Картал ауданында 12 пәтері бар үйдің неден құлағаны осы уақытқа дейін белгісіз.
Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, куәгерлердің кейбірі үй құлар алдында жарылысқа ұқсайтын дыбысты естігендерін айтқан.