Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындары ресми түрде жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салтанатты спорттық шара «Құс ұясы» деп аталатын ұлттық стадионында өткізілді.
Әлемнің 46 елінен келген 564 сайысқа қатысушы спорттың шаңғы жарысынан, биатлоннан, тау шаңғысы спортынан, следж-хоккейден, арбадағы керлингтен және сноуборд секілді спорттың алты түрінен 78 жүлдені сарапқа салды.
Еске салсақ, айтулы аламанда еліміздің атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен ел намысын қорғады.
Олардың арасынан пара биатлоннан түрегеп сырғанауда Александр Герлиц қола жүлдегер атанды.
Медальдар кестесінде Қазақстан Аустралия және Швейцариямен бірге 17-орынға жайғасты. Қытай командасы – бірінші орында, украиналықтар – екінші орында, ал Канада үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді.
Бүгінгі күнге дейін ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті. 1994 жылы 10 шақырымға классикалық мәнерде шаңғы жарысында қазақстандық Любовь Воробьева күміс алса. 2018 жылы шаңғымен жарыста Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық мәнерде спринт жарысында чемпион атанды.
Енді XIV қысқы Паралимпиада ойындары Италияның Милане және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 2026 жылдың 6-15 наурыз күндері өткізіледі.