01 нау, 2024 сағат 11:10

Westoil Software наразылық білдіріп, жұмыссыз қалған 50 маманды қайта қабылдауға дайын


Westoil Software компаниясы жұмысшылар наразылығына орай мәлімдеме жасады. 

Бұдан бұрын компания наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген 50 адам қызметтен босатылғанын хабарлаған еді.

Бүгін, 29 ақпанда Westoil Software компаниясы жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтар арасынан үміткерлермен әңгімелесуді бастады.

«Қызметкерлер заңсыз наразылық акциясына қатысқанына қарамастан біз оларға жұмысқа қабылдау жүргізілгенге дейін келісім комиссиясы арқылы қайта жұмыс орнына оралуға мүмкіндік береміз. Пайда болған бос жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеу заңсыз наразылық акциясына қатысушылармен еңбек шарты бұзылған және оларды жұмысқа кезекке тұрған азаматтармен ауыстырған кезде кезең-кезеңімен жүргізіледі» деп мәлімдеді Westoil Software ЖШС баспасөз қызметінен.