09 ақп, 2023 сағат 11:06

WBA Головкинді 29 жеңісі бар кубалық боксшымен айқасуға міндеттеді


Фото: championat.com

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкинді титулын кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) қарсы жекпе-жекте қорғауға міндеттеді. Бұл туралы қауымдастық сайтында жазылған, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

WBA боксшыларға 23 ақпанға дейін келісімге келуге 15 күн уақыт беріп отыр. Егер боксшылардың командалары осы уақытқа дейін ымыраға келмесе, жекпе-жекке промоутерлік сауда белгіленеді.

Мұның алдында Головкин IBF белбеуін бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жекте қорғауға міндеттелген еді, алайда қазақстандық боксшы белбеуден бас тартты. Осыған байланысты WBA Ларамен жекпе-жек белгілеп отыр.