09 қар, 2022 сағат 14:02

WBA Ербосынұлының жағдайы туралы мәлімдеме жасады


Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) комада жатқан қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйым оның тезірек сауығып кетуіне сенім білдірген.

"Жексенбіден бастап түрлі хабарламада Ербосынұлының жасанды комаға жатқызылғаны және оның жай-күйі медициналық қызметкерлердің бақылауында екені айтылды. Осы жексенбіде Ербосынұлының проумоутері Suleymen Promotions оның ауруханаға жатқызылғанын растайтын мәлімдеме таратты, ал дәрігерлер оның өміріне төнген қауіп жоғын хабарлады. Айдос келесі екі апта бойы бақылауда болады. Қазір қазақстандықтың командасы оның отбасын құрметтеуді сұрайды. WBA оқиғаны бақылайды және Ербосынұлы тез қалпына келеді деп үміттенеді. Сонымен қатар, барлығынан ол үшін дұға етуді сұраймыз", - делінген ұйым сайтында.

Еске салайық, Ербосынұлы өткен демалыс күндері АҚШ-та супер орта салмақтағы WBA World белбеуін иеленген кубалық Дэвид Моррелге қарсы жекпе-жек кезінде 12-раундта нокаутқа кетті. Содан кейін ол комаға түсіп, ота жасалды. Отандасымыз Миннесотадағы (АҚШ) ауруханада жатыр.