03 мау, 2025 сағат 15:42

Вячеслав Кимге Jusan Bank-ті сатып алуға рұқсат берілді

Фото: Sputnik.kz

Қаржы нарығын реттеу агенттігі Вячеслав Кимге «First Heartland Jusan Bank»-тың ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Ult.kz.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банктің активтері – 3 195 млрд теңге, ал меншікті капиталы – 900 млрд теңге.

Айта кететіні, Вячеслав Ким – «Kaspi Bank» иелерінің бірі.