24 там, 2021 сағат 18:06

VI Паралимпиада ойындарының ашылу рәсімі басталды


Жапония астанасы Токио қаласында VI Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Спорт бәсекесі 24 тамыз және 5 қыркүйек аралығында өткізіледі. Аталған жарыста еліміздің атынан 26 адам спорттың 7 түрінен сынға түспек. 

Қазақстан құрамасынан суға жүзуден - 7, дзюдодан - 7, пауэрлифтингтен - 5, таеквондодан -3, жеңіл атлетика, каноэде ескек есу мен оқ атудан - екі-екіден спортшылар қатысады. 

Қазір Жапония ұлттық стадионында өтетін салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің Туын таеквондодан екі дүркін Әлем чемпионы, Азия және Еуропа чемпионаттарында үздіктер қатарынан көрінген Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ұстап шығады деп күтілуде. 

Токио Паралимпиада ойындарында дүние жүзінің 136 мемлекетінен келген 4400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түседі.

Айта кетсек, «Qazsport» телеарнасы XVI Паралимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.