29 там, 2024 сағат 17:47

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге қанша ақша жұмсалады?


Фото:gov.kz

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге 5,7 млрд. теңге бөлінген, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Ондағы негізгі шығын шетелден қонақтардың тамағы мен жатын орынымен қамтамасыз етуге кетеді.

Бұл туралы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев айтты.

«Бұл бұған дейін өткізілген 3-ші, 4-ші көшпенділер ойындарында да осылай болды. Біз бұл дәстүрді сақтауымыз керек. Шетелден келген қонақтардың тағамы мен жатын орнымен қамтамасыз ету және оларды тасымалдауды қамтамасыз етуіміз қажет», -дейді А. Қондыбаев.


Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетеді. Дүбірлі дода бұған дейін бір рет Түркияда және үш рет Қырғызстанда өткен болатын. Шара әр 2 жыл сайын өткізіліп тұрады. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 мемлекеттен 2800 спортшы 21 спорт түрінен қатыспақ. Қазақстан Ұлттық спорт құрамалары осы спорт түрлерінің барлығынан бақ сынасады.