27 қыр, 2016 сағат 08:51

Ұзынағашта жоғалған үш жігітті өлтірген күдіктілердің есімі белгілі болды (Видео)

Өткен жексенбі, яғни 18 қыркүйек күні, Ұзынағаш базарында мал сатумен айналысып жүріп жоғалып, соңында сүйектері табылған үш азаматтың өліміне қатысты күдіктілердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

1979 жылы туған Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді жігіттердің қылмыскерлер қолынан қаза тапқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Қазаға ұшыраған азаматтардың жақындары бүгін Сот сараптамалық орталығынан үш мәйітті алып, Алматы облысы Көксу ауданына алып кетті.

Олардың өліміне Жамбыл облысының тумасы – Талғат және Оңалбаев Мұрат есімді адамдар кінәлі. Олар, аталған үш азаматты 18 қыркүйек күні кешке қарай 16:00-17:00 аралығында екеуін басынан, біреуін кеудесінен атып өлтірген.

Бұл туралы Сот медициналық сараптамалық орталығынан мәйіттерді алған үш адамның туысқандары өздері көрген, естіп білген жайттарды баяндап берді.

Оқиғаның толық хронологиясын мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ, аталмыш қылмыстық оқиғаға бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар болуы мүмкін деген мәліметтермен бөлісті қайтыс болған жігіттердің туған-туыстары. Әзірге, бұл жайында ішкі істер органдары ресми түсініктеме берген жоқ.

Марқұмдардың жаназасы ертең Алматы облысының Көксу ауданында өтеді.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.