28 қаз, 2016 сағат 20:38

Ұзынағаштағы ағайындылардың өліміне қатысы бар үшінші адам ұсталды

Ұзынағаштағы мал базарына 40 ірі қараны сатамыз деп шыққан үш ағайындының өліміне қатысы барлар екеуден көп. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Талғат Сүлейменов есімді үшінші адамның ұсталғанын айтқан Алматы облысының прокуратурасы, бүкіл халықты өре түрегелткен оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеудің бүгін аяқталғанын жеткізді.

Үш ағайындыны Ұзынағаш ауылынан 200 шақырым жерге апарып өлтіріп, құмға көміп кеткен екі күдіктіні  қамау мерзімі  24 қарашаға дейін ұзартылды.

Яғни, атышулы сот ісі тура 1 айдан соң басталуы мүмкін. Ал, ұсталған үшінші адам  «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша айыпты деп танылды.