13 там, 2021 сағат 19:29

Үздік маман табылса қызметтен кетуге дайынмын - Гюзель Манюрова


Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гюзель Манюрова қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы өнеріне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, әйелдер күресі нәтижесін болжау мүмкін емес және статистика шығару оңай болмайды. 

«Сондықтан әйелдер күресіне қатысты нақты болжам жасау ға келмейді, яғни жүлделі орыннан көрінуі тиіс спортшылар кей кезде өтпей қалады. Бұл ретте сәтсіздік, өз күшін дұрыс бағаламау, 5 жыл бойы спортшыларға түскен психологиялық қысым бізге теріс нәтиже берді», - деді Гузель Манюрова.

Сонымен қатар тілшілер одан өз еркімен отставкаға кетуі мүмкіндігі туралы сұрады. 

«Егер маған қарағанда күрес саласын жақсы меңгерген біреу болса, сондай-ақ спортқа жанашырлығы менен үстем болса және тәулік бойы күреспен айналысуға ниет танытанын маман шықса, онда орнымды босатуға дайынмын. Мен бұл орынға таласып тұрғаным жоқ. Шын мәнінде Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеуге қауқарлы адам болса, әрине дайынмын», - деді Манюрова.