26 қыр, 2020 сағат 11:02

«Үздік әдебиет» республикалық кітап жобасы басталды

Ruh.kz порталы қыркүйек айынан бастап «Bookdating» республикалық кітап жобасын бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жобаның мақсаты – қазақ жастары арасында кітап оқу мәдениетінің артуына үлес қосу. Интеллектуалды орта қалыптастыру. Кітапсүйер жастардан құралған алаң жасау.

Жобаның миссиясы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Бұл ретте аталмыш жоба әлемнің үздік әдебиеттерінің қазақ тіліндегі аударма нұсқаларын кең көлемде насихаттауды көздейді.

Жоба аясында, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында осы уақытқа дейін жарық көрген әдебиеттің таралымын арттырып, қолжетімді етуді көздейді. Пандемия жағдайында қоғамды білім алуға, сол арқылы жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге шақырады.

Жоба Қоғамның Медиабайланыс және PR басқармасына қарасты Ruh.kz порталының сүйемелдеуімен, сондай-ақ өңірлердегі жобалық кеңселердің атсалысуымен жүзеге асады.

Портал бүгінге дейін Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», Котлер мен Гари Армстронгтың «Маркетинг негіздері» кітаптарын талқылады. Бөлімдердің бейнежазбасын Ruh.kz порталынан көре аласыздар. 

Жыл соңына дейін портал Шыңғыс Мұқанның «Отбасы», Жанарбек Әшімжанның «Алғашқы қоңырау», Дейл Х. Шунктың «Оқыту теориясы», Бейнбриж Жейсон, Гок Никола, Тайнан Лиздің «Медия және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас», Джеймс Робинсонның «Мемлекеттер неге дамымай қалады?», Пауло Коэльоның «Бейбіт өмірдің мәні» кітаптарын талқыламақшы.