Фото: Depositphotos
Қазақстанда таксиде әйел адамдарға жиі әдепсіз әзілдер мен ишара, танысу туралы ұсыныстар айтылатынын, сондай-ақ жүргізушілер тарапынан жағымсыз физикалық қарым-қатынас болатыны белгілі.
Жаңа адамдардың "TUMAR" азаматтық науқан белсенділері елімізде мұндай жағдай қаншалықты жиі болатынын білгісі келіп, әлеуметтік эксперимент жүргізген екен. Бұл туралы жазған nehabat телеграм арнасының хабарлауынша жағдай мәз емес.
Жағдай күрделі
Бірінші күні барлық 7 сапарда да орынсыз қырындау мен бейәдеп әрекеттер болды. Экспериментің екінші күнінде төрт сапардың біреуі ғана қалыпты өткен. Қалған екеуінде кейіпкерге әдепсіз сөздер айтылып, ишара білдірген. Ал төртінші күні эксперимент кейіпкерін такси жүргізушісі есікті құлыптап, жоспарда жоқ бағытта басқа жаққа алып кеткен.
Содан, "TUMAR" жобасының белсенділері өз көліктерімен таксиді тоқтатуға тырысқан, бірақ жүргізуші олардан қашып кетпек болған. Таксидің соңынан біраз қуғаннан кейін, кейіпкерді алып қашқан жүргізуші көлікті тоқтатуға мәжбүр болған.
Таксиді 1995 жылы туған Ерболат Аманжолұлы есімді азамат басқарған. Бір қарағанда қарапайым үлгілі отбасылы адам болып көрінеді. Алайда, жүргізушінің жолаушыға бейәдеп сөздер айтып қана қоймай, сапар барысында оған қол тигізуге тырысқанын камера түсіріп алған.
Көліктің соңынан қуған кезде машинаның мемлекеттік номері түсіп қалған. Сол арқылы көлік иесінің, яғни жүргізуші Ерболат Аманжолұлы екенін анықтаған.
Жаңа адамдардың белсендісіне жасалған шабуыл фактісі бойынша полицияға арыз жазылған екен. Шабуылдаушы жоғалған автомобиль нөмірін Владимир Коккинаки көшесі, 7-үйде орналасқан Алматы қозғалыс кампусынан ала алады.
"Егер, әрине, оған батылы жетсе..." -деп жазады телеграм арна.
Бұл эксперимент не үшін жасалды?
"TUMAR" қозғалысының белсендісі Слемғали Шәкизада:
"Бастан өткерген зорлық-зомбылық пен қудалау туралы айтудан қорықпаңыз. Осы бейненің астындағы түсініктемелерде өз оқиғаларыңызбен бөлісіңіз. #Tumarsafetaxi хэштегімен әлеуметтік желідегі роликтерді орналастырыңыз және кімнен сақ болу керектігін көрсетіңіз. Олар жариялылықтан қорқады. Яғни, бүкіл елге олардың аттары мен машиналарының нөмірлерін көрсету керек. Бүкіл Қазақстан олардың қылмыстары туралы білсін!", -дейді белсенді.