25 мам, 2025 сағат 13:48

Үсік, бұршақ, жаңбыр: республиканың басым бөлігінде ескерту жарияланды


© Photo : СС0 / oldperm


Қазгидромет" РМК деректері бойынша елдің басым бөлігінде үсік, жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және дауыл сияқты қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар күтілуде.


25 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.


Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде үсік жүреді. 26 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.


Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік, 26 мамырда 1-6 градус үсік болжанып отыр.


Астана қаласында 26 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.


25 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 2 градус, 26 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.


26 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік болжанып отыр.


26-27 мамырда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.


26-27 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.


27-28 мамырда түнде Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.