28 сәу, 2017 сағат 11:11

Үш бидің ескерткішіне шыққан Қытай кешірім сұрады (видео)

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қытай азаматының (ұлты қытай) Қытайдың Гансу өлкесі Ақсай қазақ автономиялы ауданына қойылған қазақтың үш биінің ескерткішінің төбесіне шығып түскен суреттері халықтың наразылығын тудырған еді. “Мұндай масқараға бей-жай қарай алмаймыз деген жұрт Қазақстандағы Қытай елшілігінен бұл азаматты тауып, жазаға тартуын сұрауды талап еткен.

Бүгін сол Қытай азаматының қазақ халқынан кешірім сұраған видеосы пайда болады. Өз сөзінде ол “ешқандай ұлтты қорлау мақсатында болмағанын, ескерткішке суретке түсуді ғана көздегенін” жеткізіп, мұндай білімсіз әрекеті үшін қазақ халқынан кешірім сұрапты.

Бұл суреттерге Қытайдағы қандастарымыз да қатты наразылық танытып, тиісті мекемелерден бассыздықты тиюды талап еткен көрінеді. Ұлтараздық тудыруы мүмкін мұндай жайтты алдағы уақытта болдырмаймыз деп, жергілікті билік уәде беріпті-мыс.

dalanews.kz