Фото: en.iz.ru
22 сәуірде Үндістан бақылауындағы Кашмир аумағында қарулы шабуылдан 26 адам қаза тапты. Үндістан үкіметі бұл оқиға үшін Пәкістанды айыптады, премьер-министр Н. Моди армияға «толықтай қарулы қозғалыс еркіндігін» берді белінген ақпараттар айтылды.
Сәрсенбі күні, 23 сәуірде Үндістанның сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы В. Мисри Пәкістанның лаңкестікке қолдау көрсетуін айыптады. Сонымен бірге ол сөзінде Үндістан мен Пәкістан арасындағы «Үнді өзен суы туралы келісімін» уақытша тоқтататынын және Пакистан сумен қамтаматсыз етілмейтінін айтты.
Келесі күні Пәкістан Үндістанмен барлық екі жақты келісімдерді, соның ішінде Симла келісімін тоқтату туралы жария етті.
Фото: aljazeera.com
Шекара емес бақылау сызығы осы өңірдің тұрақсыздығын келтіріп тұрған маңызды фактордың бірі болып отыр.
Кашмир қақтығысының негізгі себептері қандай?
Кашмир аймағы Үнді субконтинентінің солтүстік-батысында орналасқан 222 200 шаршы шақырым жерді алып жатыр, шамамен 4 миллион адам Пәкістанға қарасты өңірде және 13 миллион адам Үндістан басқаратын өңірде тұрады.
Кашмир халқының басым көпшілігі мұсылмандар. Пәкістан Кашмирдің солтүстік және батыс бөліктерін, атап айтқанда Азад Кашмир, Гилгит және Балтистанды басқарады; Ал Үндістанның бақылауында оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерін, соның ішінде Кашмир алқабы және оның ең үлкен қаласы Сринагарды, сондай-ақ Джамму мен Ладакты бар.
1947 жылы Британ отаршыл билігінің аяқталуынан кейін мұсылмандар қоныстанған Пәкістан және Үнді діні тараған Үндістан екі ел шекараларын айыра бастады. Сол кезде Джамму мен Кашмир алқабы сияқты жергілікті аудан халықтары кез келген елге қосылуды таңдай алатын еді. Алайда, аймақ халқының 75%-ға жуығы мұсылман болғандықтан, көптеген пәкістандықтар бұл аймақ табиғи түрде Үндістанға қосылады деп сенген. Өйткені Пәкістан мұсылмандардың отаны ретінде Мұхаммед Әли басшылығымен құрылды. Дегенмен бөлінгеннен кейін мұсылмандардың көпшілігі Үндістанда қалды.
Бастапқыда Кашмир халқы екі елден де тәуелсіздік алуға ұмтылды, бірақ Пәкістан басып алғаннан кейін, Үндістанға қосылуды таңдады. Бұл 1947-1948 жылдардағы бірінші соғысты тудырды. Бірақ та екі елдің тарихшылары және танымал жазушылары «Кашимер аймағы толықтай өз елдеріне тәуелді» деп санап келеді. 1947 жылдан бері аймақта екі ел арасында бір неше рет қақтығыстар оран алды.
Осыдан кейін 1972 жылы Үндістан ‒ Пәкістан бейбітшілік келісімі Симла келісіміне қол қойды. Атысты тоқтату сызығы ресми түрде Симла келісімінде бақылау сызығы ретінде анықталды. Онда «Пакістан, Үндістан және Қытайдың өз бақылау аймақтары болады» деп бекітілген.
Фото: britannica.com
Қытай қалай Кашимердің бір бөлігіне ие болды?
Аймақтың солтүстік-шығысында, 5000 метр биіктікте орналасқан Ақсай Чин аймағы тарихи тұрғыдан 19-шы және 20-шы ғасырдың басында Британдық Үндістан мен Қытайдың шекарасында орналасқан адам аз қоныстанған аймақ болатын. 1846 жылы Ұлыбританиямен жасалған келісім бойынша Кашмир королі Хари Сингх Кашмир Корольдігінің бір бөлігін мұрагерлікке алды. Қытай карталары 1930 жылдарға дейін, Кашмирдің солтүстік-шығыс шекарасын белгілейтін Ада-Джонсон сызығының (Ardagh–Johnson Line) оңтүстігінде орналасқанын мойындап келген еді.
Әйтсе де 1947 жылы соңғы билеуші Хари Сингх Үндістанға қосылғысы келетінін білдіргеннен кейін, Үндістан Ақсай Чинді өз территориясының бір бөлігі деп санады. Бірақ 1950 жылдардың басында Қытай, сол кездегі коммунистік билік кезінде, Тибет пен Шыңжаңды байланыстыратын және Ақсай Чин арқылы өтетін 1200 шақырымдық (745 миль) тас жол салды. Бұл жағдайдан кейін Үндістан бұрындары қаңырап бос жатқан аймақты Қытай елінің йемденгенін мойындамай, 1954 жылы Ада-Джонсон сызығының бойындағы шекараны ресми бекітуге шақырды ‒ Ақсай Чинді Үндістанның бір бөлігі ретінде мойындайтынын айтқан. Бірақ Қытай «Ұлыбританияның Ақсай Чин картаға түсетін Ада-Джонсон сызығын ешқашан талқылаған жоқ» деп атап айтты.
Сонымен бірге Пәкістан мен Қытай да Кашмирдің кейбір бөліктерін кім бақылайтыны туралы нақты келіспеген еді. Бірақ 1960 жылдардың басында екі жақ мәмілеге келді: Қытай Пәкістан көздеген жайылымдардан бас тартты, ал оның орнына Пәкістан Кашмирдің солтүстігіндегі шағын аумақты Қытайға берді. Үндістан болса бұл келісімді заңсыз деп санайды.
1972 жылға дейін үш елдің арасындағы шекара дауы тоқтамады. Ақырында Симла келісімі атысты тоқтатуды, бірақ халықаралық деңгейде мойындалмаған шекара болып табылмайтын Бақылау сызығы (LoC) арқылы келісімге келді.
Өңірдегі шиеленіс ары қарай не болады? Қалай шешімін табады?
Егер Үндістан шынымен де Пәкістанға қарсы әскери операция бастаса, Үндістан да қарап жатпайды. Екі ел де ‒ ядролық қаруы бар мемлекеттер. Үндістанның әскери көлемі мен техника саны жағынан басымдылығы бар. Алайда, Пәкістанның қарулы күштері жақында жаңартылған. Олардың басым бөлігі Қытайдың қарлуы техникасымен жарақтанған.
Үндістанның ішкі жалпы өнімі (GDP) Пәкістаннан шамамен 11 есе көп, ал Пәкістанның әскери шығыны шамамен 8 есе артық. Егер шекара қақтығысы ұзаққ созылса Үндістан басымдылыққа ие.
Сыртқы күштердің рөлі жағынан Пәкістан белсенді түрде Қытайдан, Түркиядан, Сауд Арабиясынан және басқа Таяу Шығыс елдерінен қолдау іздеуі мұмкін.
Бұл жерде айта кететін бір жайт, казіргі таңда Пәкістан үшін су мәселесі маңызды болып отыр. Егер Үндістан Пәкістанның ауылшаруашылық өндірісі мен әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететін Үнді өзенінің су мәселесінде бір мәмлеге келмесе, Пәкістан Үндістандағы су қоймасы бөгеттеріне қарсы әскери соққы беруге мәжбүр болуы мүмкін.
Қанат Қаһарұлы, Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің
Аймақтану кафедрасы докторанты
