15 мау, 2024 сағат 13:39

Ұлыбританияда сайлауға жасанды интеллект кандидат ретінде қатысады


Фото:Steve AI

Алдағы Ұлыбританиядағы сайлауға жасанды интеллект кандидат ретінде қатысады. AI Стив атты жасанды интеллект аватары Брайтон кәсіпкері Стивен Эндакоттың аватары. Кәсіпкер оны тәуелсіз кандидат ретінде сайлауға ұсынбақ, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Стивті саяси аренада көру мүмкін емес, өйткені ол жасанды интеллект. Аватардың қожайыны Стив Эндикотт аватарының қауымдастық палатасында өзінің сайлау округінің атынан өкілдік етуін қалайды екен.

"Мен басқа партиялардың Британ халқымен арасы алшақтап, байланысы үзіліп қалғанына қынжылып, өз партиямды құрып жатырмын. Мен өзімнің сайлаушыларымның пікірімен тікелей байланысу үшін технологияны қолдануға тырысамын", - деп түсіндірді ол әлеуметтік желілерде.