25 сәу, 2024 сағат 13:05

Ұлыбритания Орта Азия елдерінің егемендігі мен тәуелсіздігін қолдауға 62 млн доллар бөледі


Ұлыбритания билігі Орта Азия елдеріне 62 млн доллар бөлетіні хабарланды. Бұл қаражат елдердің "егемендігі мен тәуелсіздігін қолдауға" бөлініп отыр екен. 

"Ресей Федерациясы мен Қытай арасындағы жарық бойында орналасқан Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау өте маңызды. Қосымша 50 миллион фунт қаржыландыру Ұлыбританияға өзінің "жұмсақ күші" мен аймақтағы ықпалын арттыруға көмектеседі", - делінген Британия парламентінің сайтындағы мәліметте.


Бұл сөзді британ үкіметінің сыртқы істер жөніндегі комитетінің басшысы Кернс СІМ басшысы Кэмеронның Орта Азия өңіріне жасаған сапары туралы айта отырып мәлімдеген. 

Кэмерон 22 сәуірден бастап Орталық Азия елдеріне турнесін бастаған. Ол барған елдер: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстан. 

Кеше Дэвид Кэмерон Қазақстанға келіп, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен еді.