— Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 28 қарашадағы доллардың орташа бағамы 340,01 теңгені құрады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339,70 теңгені құрады. Жоғары курс – 340,10 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 340,05 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 31 млн 800 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 63.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Ақша айырбастау орындарында 28 қарашадағы доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 11:20) Алматыда 340,3 теңгені құраған.
Ұлт порталы