ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру» жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында дайындауды бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жоба көтерме-тарату орталықтарын салуды көздейді, оның ішінде сақтау көтерме-тарату орталықтары, сауда көтерме-тарату орталықтары және тарату көтерме-тарату орталықтары бар», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, сәуір айының соңында өткен Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елімізде ұлттық тауар өткізу желісін құруды ұсынған еді.