Фото: © pixabay.com/ambquinn
Канаданың Альберта провинциясында Банф атты ұлттық паркте гризли екі туристі талап өлтірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz сайты CBC арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, 30 қыркүйекте құтқарушыларға Сандре елді-мекеніне жақын маңда аюдың шабуылы туралы хабар келген. Алайда олар діттеген жерге тек 1 қазанда түнгі уақытта жеткен.
Оқиға орнынан мәйіттер табылған. Олардың иті де өлі болған. Жыртқыш аю жақын маңда жүрген. Қауіпсіздік мақсатында аюдың көзі жойылған.
Қаза тапқандар - күйеуі мен әйелі. Олар табиғат аясында демалғанды ұнатады екен.
"Бұл жағдай олардың отбасы үшін ауыр тиді. Сұмдық жағдай", - дейді марқұмдардың танысы.
Айта кетейік, гризлидің адамдарға шабуылы сирек кездеседі.