Бүгін яғни, 22 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Еуразиялық интеграция институтымен бірлесе отырып Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын саралау мақсатында жиын өткізді.
Талқылау барысында Музейдің ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Әбсеметова, Музейдің археология жәнеэтнография бөлімінің ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Ерғазы, ЕИИ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты А.Ешмұратов, ЕИ Имодернизация мен интеграциялық үрдістерді зерттеу Орталығы жетекшісінің орынбасары Д.Базаров, ЕИИ саралаушы-сараптамашысы Ш.Оразбековтар баяндама жасады.
Бұдан басқа талқылауға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Еуразиялық интеграция институының қызметкерлері қатысты.
Сөйлеуші шешендер Мемлекет басшысының мақаласын саралап-сараптай отырып, оның өзектілігін ерекше атап өтті.
Талқылауға түскендердің бәрі де бірауыздан төмендегіше шешімге келді: «Біз өткен тарихымызды білуге тиіспіз, ол ата-бабамыздың жүріп өткен даңқты жолы, мақтануға әбден тұратын шежіре. Сөз жоқ, Тұңғыш Президентіміздің мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үйлесімді жалғасы ретінде Тәуелсіз Қазақстан тарихында өзінің айшықты орнын алады».