05 жел, 2019 сағат 08:44

Ұлттық қордың активтері $1,3 млрд өсті

ҚР Ұлттық қорының активтері 2019 жылдың қыркүйегінде 59,34 млрд долларға жетті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 2,3%-ға артық, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Finprom агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық қордың активтері 2018 жылы ЖІӨ шаққанда 34% құраған болатын.

Тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор активтерін әртараптандыру саясатын жүргізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Бұрын қор активтерінің 80%-ы облигацияда, 20%-ы акцияда болса, алдағы уақытта 60%-ын - облигацияға, 30%-ын - акцияға, 5%-ға жуығы балама инструменттерге, 5%-ын алтынға салу көзделген.

2019 жылдың жартысынан бастап ҚР Ұлттық банкі 200475,43 және 199866,28 унция алтын сатып алды.

Алтын портфелінің нарықтық құны 595,5 млн долларға жетті, яғни жинақ портфелінің 1,17%-ін құрады.

Ұлттық қордың 2019 жылдың қаңтар қыркүйегіндегі табысы негізінен қорды басқарудың инвестициялық табысынан өсті. Бұл көрсеткіш 2,3 млрд долларға жетті.

Акция нарығындағы тиімсіз ахуалға қарамастан 2018 жылы Ұлттық қордың табыстылығы 9,02%-ға артты.