Фото: ОКҚ баспасөз қызметі
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаның сомасы әлі есептеліп бітпегенін айтты, - деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
«Қазіргі таңда есеп жүргізіліп жатыр. Жалпы Қазақстандағы 18-ге толмаған балалардың саны 7 млн 200 мың болып отыр. Ал 18-ге толған, бірінші этапта төлем алатын азаматтардың саны қазіргі таңда 300 мыңға жуық. Олар бойынша қазір соңғы есептер жүргізіліп жатыр. Осы айдың аяғына дейін қорытындысы белгілі болу керек деп ойлаймын. 18-ге толған 300 мың адам бойынша қаражат аударылады. Сомасы санаулы. Жобалық сома бар. Бірақ қателеспеу үшін оны әзірге айта алмаймын», - деді Ержан Біржанов.