06 мам, 2020 сағат 19:30

Ұлттық қор қаражаты қанша жылға жетеді - сарапшы болжамы

«Талап» қолданбалы ғылымдар орталығының директоры, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рақым Ошақбаев коронавирус эпидемиясынан кейінгі елдің экономикалық және әлеуметтік жағдайына болжам жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мамыр айында барлық карантиндік шаралар аяқталады деп үміттенемін, әрине, әлеуметтік қашықтық сақталады. Мамыр-маусым айларында қалпына келтіру жұмыстарын бастауға әрекеттенеміз», - деді Рақым Ошақбаев Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің онлайн эфирінде. 

Спикердің айтуынша, мұнда Қазақстанның Ұлттық қорға жылдар бойы жинаған «қауіпсіздік жастықшасы» көмектеседі. 

«Қазіргі уақытта Ұлттық қорда 57,5 млрд доллар бар. Мұнайдың төмен бағасында мемлекет Конституцияда кепілдік берілген міндеттемелерін қаншалықты орындай алады деп болжам жасадық. Қазақстанның бекемдік қоры айтарлықтай жоғары. Мұнай бағасы көтерілмесе де, экспорттық ағынды әртараптандырмаса да, бұл қор 7 жылға жетеді. Яғни, Ұлттық қор бюджет шығындарын 7 жыл бойы қаржыландыруға мүмкіндік береді», - деді Р. Ошақбаев.