Фото: Sputnik.kz
Бұл өзгерістер 2025 жылғы 1 сәуірде Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілді. Өтініштер www.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады, деп хабарлайды Ult.kz.
Негізгі өзгерістер:
- - Мүгедектігі бар талапкерлер үшін тестілеуге қатысу тәртібі жеңілдетілді;
- - Халықаралық стандартталған тестілер (SAT, ACT, IB, A-Level) де қабылданады;
- - Дәлелді себеппен тестке қатыспаған талапкерге сол кезең ішінде қосымша мүмкіндік беріледі (мысалы, денсаулық жағдайына, отбасындағы ауыр жағдайға, олимпиадаларға қатысуға байланысты);
- - TOEFL, IELTS секілді халықаралық ағылшын тілі сертификаттары бар талапкерлер өз қалауы бойынша «Шетел тілі» пәнінен босатылады.
ҰБТ мерзімдері де өзгертілді:
- - 1 наурыз – 6 сәуір (бұрын – 1-31 наурыз)
- - 10 мамыр – 10 шілде (бұрын – 16 мамыр – 5 шілде)
Электрондық өтініш беру мерзімі:
- - 10 – 25 сәуір (2 рет тапсыруға болады)
- - 25 шілде – 5 тамыз