Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов валюта нарығындағы ахуал мен негізгі тенденциялар туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгін Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады
«Әлемдік нарықта АҚШ долларының нығаюы, мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін жабылуы және ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін біртіндеп қайтаруы 2 қыркүйекте мұнай бағасына айтарлықтай қысым жасады. Бір күнде мұнай бағасы 1, 20 долларға немесе (-) 2,61%-ға төмендеді. Содай-ақ, энергия нарығындағы тұрақсыздық дамушы елдердің валютасына да әсер етті. Мысалы, Индонезия мен Оңтүстік Африка валюталары бір күн ішінде (-) 1,2% және (-) 1% төмендеді» , - дейді Нұржан Тұрсынханов.
Оның айтуынша, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы мұнай бағасының құлдырауына және дамушы елдер валютасының әлсіреуі әсерінен де төмендеді.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық барысында бір доллар бағамы - 420,35 теңге деңгейінде қалыптасты, бұл (-) 0,44% төмен.