Қазақстан ұлттық валютасы - Теңгенің 25 жылдығын мерекелеуге орай ҚР Ұлттық банкі «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмді көпшілік назарына ұсынды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.
«25 жылда теңге ғана емес, еліміздің бүкіл қаржы жүйесі де бірнеше даму сатысынан өтті. Елдің қаржы нарығы барынша айқын болды, жаңа технологиялық және цифрлық шешімдер кеңінен енгізілуде, жаңа бағдарлар мен мақсаттар алға қойылуда, олардың көмегімен Қазақстанның қаржы жүйесі әрі қарай табысты дамуын жалғастырады» делінген хабарламада.
Айта кетсек, «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмнің премьерасын 2018 жылғы 15 қарашада «Хабар» телеарнасында мемлекеттік тілде 17:30-да, орыс тілінде 15:00-де, сондай-ақ «KazakhTV» телеарнасында орыс тілінде 21:20-да көруге болады.