ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков криптовалюта қай жағынан дамытуға болатынын айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
О.Смоляковтың айтуынша, қазіргі кезде Ұлттық банк криптовалюта нарығын реттеу мәселесін пысықтап жатыр. «Негізі, криптовалюта мәселесін кеңінен қарастыру қажет. Себебі әлем бойынша нақты ұстаным жоқ. Біреулер қолдап жатыр, енді біреулер тыйым салып отыр. Алайда бір нәрсе анық, криптовалютаны ақша ретінде қарастыруға болмайды. Бұл - қаржылық өнім, теxнология. Бірақ төлем мен айырбас құралы емес. Біз осыны зерделеп жатырмыз. Криптовалютаны ақшаның баламасы ретінде емес, қаржылық теxнология ретінде қарастыруға болады деп санаймыз. Осы балансты сақтауға тырысамыз», - деп атап көрсетті О.Смоляков.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде 7 миллион теңгеден астам сомаға бақылау жүргізіледі. Осының өзі криптовалютамен айналысуға шектеу болады деген жоспар бар.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісінде О.Смоляков «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасын таныстырды. Аталған құжатта криптовалюта жайында ештеңе айтылмады. Осыған байланысты депутаттар криптовалюта нарығын қадағалауды жеделдетуді талап етті. Бұған дейін «Астана» ХҚО цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаева криптовалюта нарығын тездетіп бақылауға алуға кеңес берді.