Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы жаңа маусымның алғашқы матчында Әзербайжанды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ойын "Астана Аренада" өтті. Кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Екі гол да үзілістен кейін соғылды. 50-минутта Абат Айымбетов алыстан дәл соққы жасап, Қазақстан алға шықты. Араға тура он минут салып, Айымбетов екінші голын соқты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы үш ұпай еншілеп, 3-топта көш бастады.
Енді Магомед Адиев шәкірттері сырт алаңда екі матч өткізеді: 6 маусымда Словакиямен, 10 маусымда Беларусьпен күш сынасады.