Фото: Zelenskiy / Official / Telegram
Украина мен Ресей 84-84 форматы бойынша тұтқын алмасты, деп хабарлайды Ult.kz.
Украина мен Ресей Біріккен Араб Әмірліктерінің арағайындығымен 84-84 форматы бойынша тұтқын алмастырды. Мәскеу бұл ақпаратты растады.
Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, босатылған ресейлік сарбаздар қазір Беларусь аумағында, оларға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде.
"Бүгінде азат етілгендердің арасында 2014, 2016 және 2017 жылдардан бастап Ресей тұтқыны болғандар да бар. Бүгін азат етілгендердің арасында Мариупольдің қорғаушылары бар", – деді Зеленский өзінің Telegram арнасында.
Ол алмасулар "әлі де болады"деп атап өтті.
Бұл — тараптардың бұған дейінгі бірнеше алмасуынан кейінгі жаңа қадам. Ерекшелігі — алмасу АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің 15 тамызда Аляскада өтетін кездесуінің қарсаңында жүзеге асқан.
