Фото: Getty Images
Украина құрамасы Еуро-2024-те ерекше қорғаныспен қамтамасыз етіледі. Ақпаратты Германия Ішкі істер министрлігінің басшысы Нэнси Фезер растады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Не болды
Германияда өтетін Еуро-2024 турнирінде футболдан Украина ұлттық құрамасы ерекше қорғалатыны белгілі болды.
Толығырақ
Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фезердің айтуынша, Украина командасына қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Әрине, Украина құрамасы қорғалады. Бұл біз үшін ерекше сынақ, біз де осы команданы ерекше қорғаныспен қамтамасыз етуге дайындалып жатырмыз. Басында айтқанымдай, біз кез келген сценарийді күтеміз, біз ұзақ уақыт дайындалдық және, әрине, Украинадағы оқиғалар, оның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде маңызды рөл атқарады, - деді Фезер Bild басылымына берген сұхбатында.
Еуро 2024
Чемпионат Германияда және 14 маусым мен 14 шілде аралығында он қалада өтеді.