12 сәу, 2024 сағат 11:04

ҰҚК 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі арнасының жолын кесті


Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Биылғы бірінші тоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Баспасөз қызметінің мәлімететріне қарағанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 операция жүргізген, оның 16-сы шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізілген.


«Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізу арнасы, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды. Жалпы айналымнан 800 кг-нан астам есірткі мен психотроптық заттар, 4 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды. Алынған есірткі құны «қара нарықта» 5 млрд теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 млн бір реттік дозаны құрайды»,-делінген хабарламада.


Сондай-ақ онда ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72 Қазақстан азаматы мен шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеп тексерулер жүргізіліп жатқаны айталған.