Фото:egemen.kz
Үкімет су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін кейінге шегеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
ҚР Үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.Соның ішінде, наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдер де бар. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек төлей алады, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдер жасайды. Тұтынушылар тарапынан сұрақ бар болса, комитеттің сайтындағы нөмірлерге хабарласу керек.