28 там, 2025 сағат 12:33

Үкімет моноқалаларды дамыту жөнінде шаралар қабылдауда

Фото: Factum.kz

Үкімет моноқалаларды дамыту бойынша шаралар әзірледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков индустриялық аймақтар құру, елішілік құндылықты арттыру бағдарламаларын енгізу, шағын және орта бизнесті дамыту, ірі кәсіпорындар мен жергілікті өндірушілер арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар мен офтейк-келісімшарттар жасау және тағы да басқа шаралар қамтылғанын баяндады.

«Алатау қаласын қалыптастыру және дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, Қаланың бас жоспары бекітілді, қала аумағында арнайы экономикалық аймақ құрылды, сондай-ақ жобалық құжаттама әзірленуде», — деп атап өтті Б.Омарбеков.


Оның айтуынша, ауылдық аймақтарды дамыту мақсатында барлық мемлекеттік қолдау шараларын ілеспе жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.