UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында қазақстандық «Шахтер» командасы Румынияның ФКСБ (бұрынғы атауы - «Стяуа») клубымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аталған клуб 1947 жылы құрылған. Команда 1961-2017 жылдар аралығында «Стяуа» атауымен жанкүйерлерге жақсы таныс болды. Өз елінде 26 мәрте чемпион атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Биыл олар күміс жүлде алып, еурокубокта бақ сынауға жолдама иеленді.
Бір апта бұрын Румынияда өткен ойында ФКСБ «Шахтерден» 1:0 есебімен басым түскен. Сондықтан қазақстандық клубқа екі гол айырмасымен жеңіске жету қажет болатын.
«Шахтер» Ереванда өткен матчта "Стяуаны" жеңіп, өз мақсатына жетті. Есеп - 2:1. Қарымта кездесуде есепті 11-минутта қорғаушы Михаил Габышев ашты. Ал 76-минутта "Стяуа" ойыншысы Флоринел Коман есепті теңестірген.
Қосымша уақытта Айдос Тәттібаев "Стяуа" қақпасынан саңылау тауып, ойын овертаймға көшті. Себебі Бухарестте өткен бірінші кездесуде 1:0 есебімен алаң иелері басым болған. Пенальти сериясында Игорь Шацкийдің бір сейві мен пенальти орындаушылардың мүлт кетпеуінің арқасында қарағандылық ұжым Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Енді «Шахтер» жарыстың үшінші сатысында Украинаның «Колос» командасымен кездеседі. Ойындар 5 және 12 тамыз күндеріне белгіленген.